^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 тамыз 2017
 
     
 
Әлеуметтік сала / "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын iске асыру


Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2011 жылдардағы жер реформасы аясында жер қатынастары саласындағы мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жер заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелеріне қатысты жаңадан енгізілетін өзгерістер көпшіліктің талқылауына енгізілді.

Әзірленген ұсыныстарды заң жүзінде реттеу мақсатында Жер заңнамасының нормаларын жетілдіру бойынша жер реформасы комиссиясы Жер кодексіне келесі нормаларды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Біріншіден, ауыл шаруашылық жерлерін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетел азаматтарының қатысуынсыз, жалға беру институтын сақтап, оны күшейту.

Жалға алушылардың мүдделерін және ауыл шаруашылығы жерлерін алуға мүдделі адамдардың жағдайын ескере келе жалға алу институтын сақтап, оны жетілдіру бойынша нормалар ұсынылады. Бұл ретте, аталған мәселені реттеу үшін ауыл шаруашылық жерлерін конкурс арқылы берудің жеке және егжей-тегжейлі тәртібін бекітуге жаңа бап енгізу ұсынылады.

Осы бапта конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін жасау бойынша нормалар белгіленіп, конкурс өткізудің тәртібі, конкурстық ұсыныстың мазмұны, конкурстан бас тартудың негіздемесі, жеңімпазды анықтау шарттары, оның қорытындыларына шағымдану, конкурс өткізілмеуі немесе жарамсыз деп тану жағдайлары, құзыретіне конкурс өткізу мәселелері кіретін жергілікті атқарушы органдардың және конкурсқа қатысуға мүдделі адамдардың іс-әрекеттерінің реттілігі көрсетілетін болады.

Ауыл шаруашылығына арналған жерді ұтымды және тиімді пайдаланудың мақсатында конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып қатысушының конкурстық ұсынысы болып табылады. Оған ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу бизнес жоспары, аймақтың мамандануына сәйкес егістік аудандардың құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау міндеттемелері, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын құру және игеру, инфрақұрылымды дамыту іс-шараларын орындау, жергілікті халыққа жұмыс орындарын құру, жер заңнамасының талаптарын орындау жатады.

Жер учаскесін жалға беру шартында жалға берушінің конкурстық ұсынысында көрсетілген міндеттемелермен мүдделері енгізіледі.

Екіншіден , жерлерді тиімді пайдалануды бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу көзделген: жалдау бірінші 5 жыл – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жыл сайын, тәлімі жерлерде – әрбір 5 жыл сайын.

Мониторинг жүргізу тәртібі Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленеді және ол құрамында жер қатынастары органдары өкілдері, ауыл шаруашылығы, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бар Комиссия арқылы жүзеге асырылады.

Мониторинг нәтижелері жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін негіз болады.

Үшіншіден , ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен алаңдарын «бір қолға» беруді болдырмау мақсатында заң жобасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға берудің ең жоғары мөлшерін белгілеу көзделген, олар әрбір облыстың әкімшілік аудандардың (қалалардың) шегінде алқаптар түрлері бойынша қазақстандықтарда жалға алуға болатын шекті ең жоғары мөлшерін белгілейді.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жерлерді «бір қолға» беру бірнеше облыстың аудандарында немесе бірнеше облыстарда тек бір шекте ғана мүмкін болады, берілетін жерлердін жиынтық көлемі республика үшін белгіленген шекті (ең жоғары) мөлшерден аспауға тиіс.

Төртіншіден , жайылымдық жерлерді халықтың мұқтаждары үшін пайдалану мәселелерін реттеу.

Ауыл халқының малын жаю үшін жайылымдық жерлердін жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Заң жобасында нормалар көзделген, оларға сәйкес елді мекендердің айналасында халықтың жеке ауласын ұстауға мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдық жерлердің алаңдары белгіленеді.

Осы аумақтарда оларды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жер пайдалануға беруге тыйым салынады.

Сондай-ақ, жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заң жобасымен ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдаланудың мемлекеттік бақылау функциясын аудандық атқарушы органдардың құзыретіне беру көзделеді.

Орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жер заңнамасывн жетілдіру бойынша жұмысы жалғастырылатындығын қосымша хабарлаймыз.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13