^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 тамыз 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Бауыржан Байбек сингапурлық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
20 сәуір 2017

Бүгін Алматыда «Алматы-Сингапур» бизнес – форумы өтіп, оның жұмысына Сингапур Республикасының сауда, индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун, Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат, Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басшысы Льюнг Фиона және ірі сингапурлық компаниялардың басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек форум барысында Алматының еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени- білім орталығы екендігін, Орта Азиялық өңір экономикасында маңызды орын алатындығын атап өтті.

«Алматы біржарым миллиардтық Қытайға, 180 миллиондық нарығы бар ЕАЭО-қа және 65 миллион халқы бар Орта Азияға сауда жолын ашады. Экономиканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін біз 86 тауарлық қағиданы анықтадық, оның басым көпшілігін импорт құрайды, сол арқылы біз жаңа өндірістер ашамыз. Алматы – Ұлы Жібек Жолы бойындағы болашағы зор қала, сондықтан оған инвестиция бөлу өте тиімді», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі бұған мысал ретінде болат өнімдерін шығаратын еліміздегі алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытының іске қосылуы екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесі екендігін айтты. Қазақстанда мұндай зауыттың ашылуы өнімнің өзіндік құнын Жапониядағыдан 40% -ға төмендетті.

Өз кезегінде Сингапур Респубюликасының денсаулық сақтау, коммуникация мен ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат инвестиция құю үшін Сингапур делегациясы Қазақстанның транзитті және көліктік әлеуетін саралайтынын айтты.

«Азия даму банкінің жақында жүргізген зерттеулері Орта Азия өңіріне инфрақұрылымдық инвестиция құюдың 2030 жылға дейін 500 млрд. долларға жуық болатындығын көрсетті. Біз Сингапурдың Қазақстанға енуін Орта Азия мен Евразиялық экономикалық одақ елдері нарығының маңызды хабы ретінде көреміз. Екі елдің өзара ынтымақтастығы аясында жақсы мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады», - деп атап өтті Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация мен ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат.

«Сингапурде жұмыс істегісі келетін кез- келген бизнесмен алдына орасан жоспарлар мен реформаларды қойып отырған Қазақстанның зор маңызы мен мәнін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы сіздердің елді Ұлы Жібек Жолы мен ЕАЭО дамыту барысында зор жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстан осы өңірде бизнеспен айналысудың маңызды әріптесі болып табылады», - деді Сингапур Республикасының сауда, индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун.

Дәл осы күні шетелдік инвестицияларды тартуға, жаңа технологияларды енгузіге, қазақстандық тауарларды өткізуге ықпал етіп, кең жол ашатын «Алматы» ӘКК-ның Қазақстандық- Азиялық- Тнынықмұхиттық палатаға енуі жөніндегі туралы Келісімге қол қойылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі ҚХР блокчейн-технологиясы зерттеу орталығының төрағасымен кездесті »»
23 тамыз 2017 - 09:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Тай Клауд Корпорэйшн» негізін қалаушы және ҚХР блокчейн-технологиясы зерттеу орталығының төрағасы Ди Дэнмен кездесті. Кездесу барысында сандық технологияны дамыту және «Смарт-сити» сияқты түрлі жобаларда оны тиімді пайдалануда екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. «TaiCloudCorp» блокчейн технологиясын жасауда Қытай Халық Республикасының жетекші компаниясы болып табылады. Компания Қытайдың қосымша блокчейн Орталығы, Азия блок...
Алматыда барлық магистральды көшелердегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды »»
22 тамыз 2017 - 15:34
Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында жол және коммуналды инфрақұрылымды қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі күні магистральды көшелердегі жоспарланған 151 шақырым жолдың барлығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңызы бар 85 көшелердегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. 32 тротуарлардың 26 шақырымы жаңартылды және жөнделді. Биылғы жылы қала бойынша 317 шақырым су құбырлары мен 265 шақырым кәріз желілерін салуға және қайта жасауға қаржы бөлінді. Ұзындығы 28...
Алматыда екі күнге созылған «Star of Asia» музыка фестивалі аяқталды »»
21 тамыз 2017 - 15:38
«Star of Asia» музыка фестивалінің екінші күні Азия, Қытай, Түркия, Жапония, Корея мен Индияның үздік танымал әншілерінің қызыл кілемше үстімен жүру салтанатымен басталды. Олардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, индиялық әнші Sanah Moidutty, түріктің жұлдызы Murat Boz болды. «Медеу» биік мұз айдынында екі күн бойы шетелік артистермен бірге қазақстандық орындаушылар: Дос-Мұқасан, МузАРТ, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Камшат Жолдыбаева, Әли Оқапов, Ерке...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13