^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қала жастарын қолдаудың Жол картасы жобасы таныстырылды
19 сәуір 2017

Алматыда қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жиыны өтіп, оның барысында «Жастарды қолдаудың Алматы 2020 Жол картасы» жобасының тұсаукесері болды. Ұсынылған жобаны талқылауға жоғары оқу орындарының, жастар мен студенттер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні Алматыда жасы 14-35 аралығындағы жастардың саны 800 мың адамды немесе мегаполис тұрғындарының 45%-ын құрайды. Қалаға еліміздің барлық облыстарынан жастар ағылып келуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастарға қолдау көрсету және олардың интеллектуалды және кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылды «Жастар жылы» деп жариялады, осыған орай жастарды қолдаудың Жол картасының жобасы да жасалды.

Алқалы жиынды ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жобаның идеологиялық негізі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сай екендігін, ел Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыру тек бәсекеге қабілетті жастардың ғана қолынан келетіндігін атап өтті.

Жобаның тұсаукесері барысында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Бескемпіров жастардың рухани көзқарастарына әлеуметтік бейімделу механизмдеріне қол жеткізудің қиындығы, табыс деңгейінің төмендігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың, түрлі қылмыстық процесстердің кері әсерін ететінін айтты.

«Бұл Бағдарламада біз негізгі 5 мәселені нақтыладық. Мысалы, білім беру саласы бойынша жоғары оқу орындарының рейтінгіне жемқорлыққа қалай қарайтындығын енгізу жоспарланған, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 жыл ішінде 2,5 мың адамның білім алуы қарастырылған, жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік жатақханалар салу үшін жер бөлуге, коммуникация жүргізуге ықпал ету де қамтылған. Оқу бітірген жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі де басты назарда болады, жастар практикасының квотасын арттыру жоспарланған және 6 мыңнан астам адам кәсіби даярлықтан өтеді», - деді Шыңғыс Бескемпіров.

Ол бағдарламада бұқаралық спортты дамытуға да лайықты орын берілгендігін, соның арқасында ірі спорттық шаралардың өтетіндігін, спорт алаңдарының абаттандырылатынын, жеңіл атлетикалық және веложолдардың көбейетіндігін, спорт залдарының, Workоut-алаңдарының жаңартылатынын айтты. Сонымен қатар, бағдарламада жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаржы бөлу механизмдері де қарастырылған.

Жол картасының маңызды құрамдас бөлігі - жастардың мәдени демалуын дамыту. Мысалы, осы мақсатта бұрынғы трамвай паркінің аумағында жастардың лофт-орталығы ашылатын болады. Мұнда жас алматылықтар өздерінің жобалары мен шығармашылық идеяларын іске асырады. Лофт-орталық базасында мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен English club, шеберханалар, жастарға қызмет көрсететін орталықтар, коворкинг орталықтар, оқу залдары және басқалары жұмыс істейді.

Жол картасы жастар саясатын жүзеге асырудың инфрақұрылымын едәуір нығайтады. Лофт-орталықтан өзге тағы да қосымша жастардың 4 бейімделу орталықтарын, карьера орталығын ашу жоспарланған, бұлардың барлығы жастарды жұмысқа орналастыруды үйлестірудің құрылымдары болып табылады.

Сырттан келген және өз бетінше іс атқаратын жастарды қамтитын да блок қарастырылған.

Егер Жол картасы қабылданса, онда жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін 2-6 млрд. теңге аралығында қаржы бөлінеді. Алайда, қаржы мөлшері жыл сайын нақтыланатын болады.

Жиын барысында жастар ұйымдарының өкілдері бағдарламаға қолдау білдірді.

««Жастарды қолдаудың жол картасы» – қала үшін ерекше оқиға. Біз бұл жобаны түрлі алаңдарда, бас қосуларда белсенді түрде талқылап, өз ұсыныстарымызды, қосымша толықтыруларды енгізетін боламыз, келесі айда жобаны мегаполис басшысы бекітеді деп ойлаймын. Мемлекет тарапынан жастарға деген мұндай қамқорлық тұрақты дамып келе жатқан қаламызды бұрынғыдан да тартымды әрі өмір сүрге жайлы етеді», - деді жастар ұйымдары Комитетінің төрайымы Айсулу Ерниязова.

«Жастар ұйымдары үшін мұндай бағдарлама – үлкен жетістік қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Негізгі индикаторларды барынша сапалы жүзеге асыру масқатында жобаның негізгі бағыттарының барлығын жастарға түсіндіру үшін қолдан келгеннің бәрі жасаймыз», - деп атап өтті «Жастар Үні» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дәурен Бабамұратов

Алматы қаласы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мади Ахметов бағдарламада жастардың негізгі проблемаларының толық көрініс тапқандығын және оларды шешудің нақтылы жолдары көрсетілгенін атап өтті.

«Барлық жоспарлар қаржы көздерімен және жастардың ынтасымен нығайтылған. Сондықтан бұл Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелі болатындығына сенім мол», - деді ол.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі «Кайрат» футбол клубын Қазақстан кубогіндегі жеңісімен құттықтады »»
17 қазан 2017 - 10:37
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Қайрат» футбол клубының ойыншыларымен, жаттықтырушылар штабымен, әкімшілігімен кездесіп, «халық командасын» 2017 жылғы Қазақстан кубогін жеңіп алғандығымен құттықтады. Алматы әкімі барша ұжымның тындырымды еңбегі және жанкүйерлердің тұрақты қолдауы арқасында алматылық клубтың осымен сегізінші рет жүлделі трофейдің жеңімпазы атанғанын атап өтті. «Футбол – барынша танымал ойындардың бірі, ал «Қайрат» - ауладан шыққан еліміздің әй...
Алматы әкімі Иран провинциясының губернаторымен кездесті »»
05 қазан 2017 - 18:24
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Иран Ислам Республикасының Хорасан-Резави провинциясының губернаторы Алиреза Рашидианмен кездесті. Кездесу барысында екі жақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Мегаполис әкімі Иранның Таяу Шығыс елдерінің арасында Қазақстанның екінші сауда әріптесі екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Алматы мен Иран арасындағы тауар айналымы 17,7 млн. АҚШ долларын құрады, қалада Ирандық капиталдың қатысуымен 107 кәсіпор...
«Смарт Алматы» жобасы Словениядағы форумда Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында жүлдеге ие болды »»
05 қазан 2017 - 18:49
Словенияда жетінші рет өткен «2017- Любляна форумында» «Smart Almaty» жобасы ең үздік деп танылып, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында «Қалалардың болашағы» номинациясы бойынша екінші орын алды. Биылғы жылы форум 200-ден астам қатысушыларды жинады, олар қаланың тұрақты дамуын талқылады. «Любляна форумы» төрағасы Блаз Голоб қала тұрғындарын осы жетістіктерімен құттықтап, жобаны табысты жүзеге асыруды тіледі. «Форумға қатысушылар арасында әдемі қал...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13