^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қазан 2017
 
     
 
«Алматы– 2020» даму Бағдарламасы

Алматы – еліміздегі ірі қала, Қазақстан Тәуелсіздігінің төл бесігі. Дәл Алматыда Конституция қабылданған болатын және Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, елдің маңызды тағдырлық шешімдері іске асырылды.

Бүгінгі таңда Алматы Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан мегаполис бизнес-бастамалар үшін келешегі мол инвестициялық алаң болып қала береді.

Бүгінгі күннің өзінде еліміздің көлемінде Алматы елдегі ЖІӨ 20,9%-ын, барлық салық және салықтық емес түсімнің 32%-ын, барлық сауда операцияларының 41%-ын, еліміздегі жұмыс жасайтын халықтың шамамен 15%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қаланың үлесіне бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының барлық депозиттер көлемі мен несиелерінің 40% тиесілі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының жан басына шаққандағы тиесілі жалпы өңірлік өнім 29 мың АҚШ долларын құрады. Бұл Орталық және Шығыс Еуропаның астаналары мен ірі қалаларының деңгейі. Жыл сайын адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіші жақсаруда, әсіресе, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды.

Орталық Азия өңірінің ірі және барынша дамыған мегаполисі бола отырып, Алматы халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен ірі компаниялар өкілдерінің орналасқан орталығына айналды. Халықаралық ынтымақтастық үшін Еуразиялық экономикалық одақ және дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық үшін едәуір мүмкіндік беріліп отыр.

Халықаралық зерттеулердің көрсеткеніндей, бүгінгі таңда планетаның тұрғындарының жартысы қалаларда тұрады. 2030 жылға таяу қала халқының үлесі 60% немесе 5 млрд. адамды құрайды. Қала – әлемдік экономикалық өсудің және өнімділіктің негізгі двигателі. Нақ осы қалалар ірі ресурстарды тұтынушылар және ауаға бөлініп шығатын газдардың көздері болып табылады. Сондықтан планета тұрғындары көпшілігінің әл-ауқаты қалалардың дамуына байланысты болады.

Ғаламдық контексті және дамудың қазіргі заманғы тенденцияларын ескерсек Алматының негізгі міндеті – қалалықтар үшін өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып алдағы уақытта да қала беру. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында алға қойған 2050 жылға таяу әлемнің айрықша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ауқымды мақсаттарына қол жеткізудің өзекті факторы болуы тиіс.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің құралы еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес әзірленген «Алматы - 2020» бесжылдық даму Бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың негізі Бес институционалдық реформа және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары болып табылады.

Бағдарламада негізгі көрсеткіштер, қағидалар және басымдықтар, сондай-ақ мақсаттарға қол жеткізу құралдарының тетіктері тұжырымдалған.

Алматы әкімдігінде «Алматы 2020» даму Бағдарламасын талқылау жөнінде жұмысшы тобынының қорытынды жиыны өтті.

Бағдарлама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, қала тұрғындарының толықтырулары, ұсыныстары мен тілектері ескерілді.

Мысалы, бір ай көлемі ішінде Бағдарлама жобасын талқылауға байланысты азаматтық қоғам, кәсіподақтар мен салалық ұйымдар өкілдерімен, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары, білім мен денсаулық сақтау салалары, БАҚ басшыларымен, блогерлермен, «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен, мәдениет, спорттық қоғамдастықтар қайраткерлерімен, сарапшылармен, ірі өндіріс орындарының басшыларымен, кіші және орта бизнес өкілдерімен, ЖОО-ның ректорларымен, жастармен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, зейнеткерлермен,ПИК-мен және басқалармен кездесулер ұйымдастырылды.

Мысалы, бүгінгі күнге дейін 90-нан астам тақырыптық кездесулер ұйымдастырылып, оларға 12,5 мыңнан астам адам қатысқан. Жалпы, жобаны талқылауға қала тұрғындарының арасынан 417 мың адам қамтылған. Талықлау қорытындысы бойынша 900-ден астам ұсыныс- пікірлер түскен Бағдарлама жобасын талқылауға қатысты түскен ұсыныстар мен толықтыруларды жинақтау үшін арнайы almaty2020@a-a.kz, электронды поштасы құрылып, оған 478-тен ұсыныс түскен.

Бұдан өзге қала әкімдігі жанынан құрамына қоғамдық пікірдің жетекшілері, ҮЕҰ басшылары, мәслихат депутаттары, бизнес қоғамдастығының, «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік органдардың өкілдері енген Қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Жиын барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Сараптама көрсеткендей, жанашыр азаматтар қаладағы экологиялық ахуалды, қоғамдық көліктің жұмысын, көшені жарықтандыру жүйесін жақсарту, заңсыз көлік тұрақтарын, арықтар желілерін ретке келтіру, бұрын облыс құрамында болған аудандар мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, жемқорлық пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету, белсенді азаматтық позициясы бар тұрғындарды қатыстыра отырып, әкімдік жанынан қоғамдық комиссиялар құру жөнінде нақтылы ұсыныстарын білдірген. Бұл ұсыныс-пікірлердің барлығы жаңа Бағдарламаның тиісті тармақтарына енгізілді және олар жүзеге асырылатын болады. Концептуалды емес, нақтылы сипатқа ие ұсыныстардың барлығы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды жасау барысында толық ескеріледі»,-деп атап өтті.

Қорытынды жиында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Жанна Төлегенова, «McKinsey&Company» компаниясының өкілі Сергей Киселев, Әл- Фараби атындағы КазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, «AlmatyManagementUniversity» студенттер кеңесінің төрайымы Диана Күлекеева, мүгедектердің «Намыс» ҚҰ-ның төрағасы Қайрат Иманалиев және басқалары сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Атап өтерлік жайт, жақын арада «Алматының даму Бағдарламасы 2020» жобасы қала мәслихатының кезекті мәжілісінде бекітілетін болады.

Алматы-2020" даму бағдарламасын іске асыру туралы 2016 жылдағы есебі.xlsx


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13