^ жоғары
Бизнесті қорғау / Әкімшілік кедергілерді азайту  
 

Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында рұқсат рәсімдерін оңтайландыру және қайта қарау жөніндегі ақпарат

2012 жылы 30 қаңтарда ҚР «Рұқсатнамалық жүйені жетілдіру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Осы Заңмен ҚР «Лицензиялау туралы» Заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осыған байланысты, 2012 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының шаруашылық қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы «Алматы» телеканалына осы Заңның негізгі нормаларын түсіндіре отырып, сұхбат берген болатын.

Аталған ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтына орналастырылды, сондай-ақ «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, 2012 жылдың 28 ақпанында Алмалы ауданы әкімі орынбасарының төрағалығымен «Кәсіпкер күні» кездесуі өтті. Кездесуге үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері: Алматы Кәсіпкерлерінің Қауымдастығы, «Секрет+Сервис» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ МСҚБ мемлекеттік органдарының өкілдері, Алматы қаласының Прокуратурасы, СЭҚБ, Алмалы ауданының салық басқармасы және 80-нен астам кәсіпкерлер (ауданның әртүрлі бизнес-құрылымдарының өкілдері) қатысты.

Күн тәртібінде кәсіпкерліктің даму жағдайы, ҚР заңнамаларына қабылданған өзгерістер, сондай-ақ салық және статистикалық есептілігін тапсыру, кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін рұқсат құжаттарын алу мәселелері талқыланды.

Құрылыс саласын реформалау мәселелері бойынша нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, оның ішінде, лицензиялау жүйесін өзгерту және сарапшыларды аттестаттау жүйесін енгізу бойынша жұмысы жалғасуда.

Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасына бұрын қызметтің бес түрін (21 кіші түрлерін, 132 жұмысты) лицензиялау жататын. Түзетулермен төрт түрін (18 кіші түрлерін, 98 жұмысты) қысқарту көзделді.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік Кеңес

2012 жылдың 15 наурызында жұмысына Іскерлік Кеңесінің мүшелері, даму институттарының өкілдері, қаланың қауымдастық және мемлекеттік органдарының басшылары қатысқан Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде әрекетсіз тұрған кәсіпорындарды жою, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер және патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар үшін салық есептілігін қысқарту, бірқатар рұқсат етілген міндеттерді орталықтандыру туралы рұқсат құжаттарын беру бөлігінде әкімшілік кедергілерді азайту, сондай-ақ басқа да құжаттар беру, кәсіби-техникалық білімді дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Атамекен одағы» ҚҰЭП-да «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, «Дағдарыстан кейінгі кезеңде ШОБ-тің дамуының негізгі мәселелері және оны ұстап тұру жәйттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде «Өндіріс саласындағы ШОБ кәсіпорындарына салық салудың жүйелі мәселелері», «Бизнес қоғамдастықты нығайтудағы салалық қоғамдық бірлестіктерінің рөлі» секілді мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекеттік органдарға сәйкес келетін бірқатар ұсыныстары қалыптастырылды.


 

Президенттің халыққа жолдауы


әрі...

Əкімнің алғысөзі


әрі...