Алматы. 20 сәуір. Алматыда болашақта жылу жүйесін дамытудың концепциясы жасалды
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен өткен жиында қаланың қызмет көрсету салалары мен ұқсас кәсіптік компаниялардың басшылары қаланың жылу жүйесін дамытудың концепциясы және 2020- 2030 жылдарға дейін жылу жүйесі схемасына түзету енгізу сияқты өзекті мәселелерді қарап, талқылады.
«КазНИПИЭнергопром» АҚ- ының президенті Геннадий Андреевтің пікірінше, Алматы қаласын дамытудың бұрын жасалған Бас жоспары қазіргі кезде тұрғындардың динамикалық жағынан күрт өсуіне, жаңадан салынып, пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйлердің, өндіріс орындарының жедел қарқынына сай келмейді, сондықтан да аталған концепция жасалып отыр.
2006 жылдан бастап «Реконструкция магистральных тепловых сетей г. Алматы» ТЭО-ның бекітуі бойынша 27 км магистральды жылу жүйесінің құрылысы аяқталып қалды, бұл торап ТЭЦ-2 мен ТЭЦ-1-ді өзара байланыстырады, ТЭЦ-2 ден жылу алу үшін ТЭЦ-1 қайта жарақтандырылуда. Бұдан өзге, «Орбита» аудандық қазандығы 100 Гкал/с үш су қайнататын қазандықтармен жабдықталып, қуаты кеңейді, Көкжиек мөлтек ауданында жалпы қуаты 30 Гкал/с болатын қазандықтың 1 кезегі салынды. «Реконструкция и расширение Западного теплового комплекса с ЦТРП № 2 в городе Алматы» деп аталатын жоба жасалды.
Биыл бірқатар жылу көздерін газға көшіру жоспарланған. Белгілі болғанындай, болашақта газдың бағасы өседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, қымбат газ отынын пайдаланған кезде қаланың жылу жүйесін барынша тиімді технологияға көшірген абзал. Бүгінгі таңда жеке жылытуға көшу – газды пайдаланудың ең арзан және ең тиімді тәсілі. Жылу желісі жоқ кезде әр нысан, әрді жеке тұлға автоматты режимде жылуды үнемдей алады.
Концепцияда "Строительство. Реконструкция и расширение Западного теплового комплекса с ЦТРП № 2 в городе Алматы» жобасын жүзеге асыру және ТЭЦ-1-ді модернизациялау қарастырылған. ТЭЦ-2 – ЗТК жылыту қабілетінің тиімділігін арттыру мақсатында бұрыннан бар жылу желілерін алмастыратын жылудың біртрубалы транспорты жарамсыз деп танылды. Алатау ауданында ТЭЦ-2 ден ЗТК дейін тартылатын жылу тораптарының құрылысы қолға алынып, олар жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге жылу береді.
Жиналысқа қатысушылар әр нысанда жылу көздерін жинақтайтын шаралардың орындалуы маңызды екендігін атап өтті.
Қала басшысы концепция жасалар алдында бірқатар ауқымды жұмыстардың атқарылғандығын айтты.
«Біз айтылған ескертпелерді қабылдай отырып, концепцияны негізге алуға тиіспіз. Бүгінгі өткен жиналыстың жалғасы ретінде дәл осы жерде мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевты қатыстыра отырып, тағы да бір кеңес өткізген жөн. Туындаған сұрақтар министрлікке жіберілсін, олар Алматыға қандай бағамен және қандай көлемде газ жіберілетініне жауап берсін», - деді Ахметжан Есімов.